Перейти к содержимому
QOS live

Взгляд изнутри

Взгляд изнутри Syrt kózge bilinbes Take a look inside

Материал ещё не переведён — он показан на языке: Қазақша.

Посмотреть материалы раздела «Лица» на вашем языке

Лица

Ерлан Әшім: Бауыржан Момышұлының «командирдің ең басты ерлігі – сарбаздарын жоғалтпау» деген қағидасы бүкіл армиямыздың құндылығына айналуы тиіс

«Qasym Kitap» баспасының тең иесі, «Natige» сүт фабрикасының» қожайыны Ерлан Әшімнің пікірінше, жаңа Қорғаныс министрінен бастап қатардағы сарбазға дейінгі барлық әскери қызметші Бауыржан Момышұлының барлық кітабын және ол туралы жазылған еңбектерді жатқа білуі керек.

Ерлан Әшім. Фото: Instagram @natige_milk

Ерлан Әшім Бауыржан Момышұлының «командирдің ең басты ерлігі — сарбаздарын жоғалтпау» деген қағидасы бүкіл армиямыздың, бүкіл қоғамымыздың басты құндылығына айналуы тиіс екеніне сенімді.

Өзінің айтуынша, үнемі кітап оқитын Ерлан Әшім 2021 жылы жазушы Арман Әлменбетпен және қазақтілді журнал баспагері Болат Есқараұлымен бірге қазақ тілінде кітап шығаратын «Qasym Kitap» коммерциялық емес жобасын іске қосты. Қазақ тілінде кітап басып шығару – Ерлан Әшім мен оның серіктестерінің қазақтілді жастар мен балалар оқитын сапалы әдебиеттің тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған күш-жігерінің нәтижесі болды.

Қазақ тілінде алғаш шығарылған кітаптардың қатарында Бауыржан Момышұлының өз шығармалары мен түрлі авторлардың ол туралы жазған кітаптары бар.