Президент Тоқаевтың тағайындау туралы өкімін akorda.kz жариялады.
Бұған дейін Қорғаныс министрінің орынбасары Әскер Бейсенов Президент өкімімен қызметінен босатылған болатын.
Татьяна Савельева 7 жыл бойы – 2016 жылдан 2023 жылға дейін – қаржы вице-министрі лауазымын атқарды. Ал Қаржы министрлігіндегі еңбек жолын Савельева 2002 жылы бастаған.
Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалғанға дейін Савельева «AMANAT» партиясының партиялық тізімі бойынша парламент мәжілісінің VIII шақырылым депутаты, кейін «Әділет» партиясынан I шақырылымдағы Құрылтай депутаты болды.