Перейти к содержимому
QOS live

Взгляд изнутри

Взгляд изнутри Syrt kózge bilinbes Take a look inside

Материал ещё не переведён — он показан на языке: Қазақша.

Посмотреть материалы раздела «Лица» на вашем языке

Лица

Қазақстанның Еңбек Ері Георгий Прокоп Қазақстан Үкіметі белгілеген 2026 жылғы астық өнімін сатып алу бағалары туралы өз пікірін білдірді

«Шахтерское» ЖШС басшысы Георгий Георгиевич Прокоп бидайдың сатып алу бағасын көңілге қонымды деп санайды.

Георгий Прокоп. Фото: gov.kz

Аграрийдің айтуынша, жұмсалған барлық күш-жігер мен қолданылған технологияларға қарамастан, биыл құрғақшылық пен киіктердің кесірінен төмен өнім алынды.

Георгий Прокоптың сөзінше, бидай түсімділігі гектарына 8,5 центнерді құрады – бұл оның «Шахтерское» шаруашылығын басқарған 40 жылындағы ең төменгі көрсеткіш.

«Біз әрдайым қор жинап өмір сүреміз», — дейді Георгий Прокоп шаруашылықтың әрі қарай жұмысына сатып алу бағасының жеткіліктілігі туралы сұраққа жауап бере отырып. «Өткен жылғы рекордтық өнімді және жиналған қорды ескерсек, бұл жылдан аман-есен өтеміз», — деп сенім білдірді Прокоп.

«Шахтерское» ЖШС – Қарағанды облысы Нұра ауданының Шахтерское ауылында орналасқан өсімдік, тұқым және мал шаруашылығын дамытып отырған көпсалалы ауыл шаруашылығы кәсіпорны. Элиталық тұқым өсіру шаруашылығы мәртебесіне ие. Жердің жалпы ауданы – 48,5 мың га, оның 38 мың га жуығына дәнді дақылдар егілген.

Георгий Прокоп «Шахтерское» ЖШС-н 1986 жылдан бері басқарып келеді.