Перейти к содержимому
QOS live

Взгляд изнутри

Взгляд изнутри Syrt kózge bilinbes Take a look inside

Материал ещё не переведён — он показан на языке: Қазақша.

Посмотреть материалы раздела «Лица» на вашем языке

Лица

Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков ұсталды

14 әскери қызметші қаза тапқан Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығуларға жетекшілік еткен Қазақстан Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков ұсталды.

Қанат Ниязбеков. Фото: gov.kz

Бұл туралы әскери қызметшілердің қаза болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқан Қазақстан Ішкі істер министрлігі (ІІМ) хабарлады.

«ІІМ Әскери-тергеу бөлімшесі Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу шеңберінде қызметке салғырт қарағаны үшін Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы, I рангті капитанды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады», – делінген ІІМ хабарламасында.

Қанат Ниязбеков президент Тоқаевтың өкімімен 2026 жылғы 3 қазанда Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.