Перейти к содержимому
QOS live

Взгляд изнутри

Взгляд изнутри Syrt kózge bilinbes Take a look inside

Материал ещё не переведён — он показан на языке: Қазақша.

Посмотреть материалы раздела «Новости» на вашем языке

Новости

Жапониядағы Азиада: Қазақстан құрамасы өнерінің қорытындысы

Жапониядағы ХХ жазғы Азия ойындары аяқталды.

Графика: results.asiangames2026.org

Қазақстан құрамасы 84 медаль жеңіп алды: 12 алтын, 24 күміс және 48 қола.

Қазақстан қатысушы 46 елдің ішінде жалпыкомандалық медаль есебінде 8-орынға ие болды.

2023 жылы Ханчжоудағы (ҚХР) Ойындарда Қазақстан 11-орын алған еді.

Бұл жолғы Ойындарда Қазақстан құрамасы олимпиадалық спорт түрлерінен бірқатар тарихи нәтижелерге қол жеткізді.

Академиялық есуден Азия ойындарының алғашқы алтынын Қазақстан қоржынына Владислав Яковлев пен Иван Чернухин салды. Олар рульсіз екі орындық қайықта ерлер арасында жеңіске жетті.

Азиада тарихында таэквондодан ел қоржынына алғашқы алтын медалды 58 кг дейінгі салмақ дәрежесінде жарыс жеңімпазы атанған Тамирлан Тлеулес әкелді.

Шпагамен шаршы алаңға шығатын ерлер құрамасы Азиаданың тарихи алтынын бағындырды. Азия ойындарының финалында шпагадан Қазақстан ерлер құрамасы Оңтүстік Кореяны 43:42 есебімен жеңді. Қарсыластар құрамында Рио-2016 Олимпиадасының жекелей сындағы чемпионы Пак Сан Ён өнер көрсетті. Бұл табыс тарихи маусымның бір бөлігі болды: команда Азия чемпионатын жеңіп алды, алғаш рет Әлем чемпионы атанды, кейін Азия ойындары тобында топ жара да алды. Бұған дейін бірде-бір команда бір маусымда мұндай нәтижеге қол жеткізе алмаған.

Тарихи нәтижені Алексей Луценко да орнатты: қазақстандық велогонщик жазғы Азия ойындарындағы алтын медалдарының санын 6-ға жеткізіп, жеңіс саны бойынша еліміздің ең титулды спортшысы атанды.

Рината Султанова Қазақстан әйелдер велоспорты тарихында бірінші болып жекелей жарыста Азия ойындарының алтынын жеңіп алды.

Каратеден 2 алтын медалды Жоламан Бигабыл мен Софья Берульцева иеленді.

Азия ойындары бағдарламасына алғаш рет енгізілген аралас жекпе-жек (ММА) турнирінде Қазақстан бірден көшбасшылар қатарынан көрінді: Еркінғали Бұрқыталин мен Қадырбек Шынбаев чемпион атанса, Санжар Әділов қола жүлдені еншіледі.

Дзюдодан құрама команда алғаш рет жекелей сында 4 финалға дейін жетті. Елдос Сметов, Абиба Абужақынова, Әділет Алмат және Ажар Асхат күміс жүлдегер атанды. Тағы 1 күміс медалды команда аралас турнирде жеңіп алды. Барлық 5 финалдық кездесуде Қазақстанның қарсыласы Жапония құрамасы болды.

Спорттық гимнастикадан Милад Карими еркін жаттығуларда күміс жүлде иеленді. Қазақстан бұл спорт түрінен 32 жылдан кейін қайтадан Азиада тұғырына көтерілді.

Еркін күрестен ерлер құрамасы 3 қола медаль жеңіп алды. 2023 жылғы Азия ойындарында жүлде бұйырмаған еді. Ал әйелдер командасының еншісінде 1 күміс және 2 қола бар. 2023 жылы 1 күміс медаль болған.

Қазақстандық боксшылар 12 жылдық үзілістен кейін Азиадада жеңіске жетті. Соңғы рет Қазақстан құрамасы Азия ойындарының алтынын 2014 жылы иеленген болатын. Жапонияда 70 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Төрехан Сабырхан мен 90 кг-нан жоғары салмақта құрама капитаны Айбек Оралбай чемпион атанды.