Картоптың ұзақ сақталуын қамтамасыз ету үшін шетелдік сұрыптардың тұқымын сатып алуға мәжбүрміз.
Бұл туралы «Шахтерское» ЖШС басшысы, Қазақстанның Еңбек Ері Георгий Прокоп айтып берді.
«Eurasia Invest Ltd» ЖШС құрылтайшысы Иван Георгиади қытайлық әріптестермен бірге вируссыз картоп өндіру бойынша келешегі зор жоба туралы баяндады.
Қытайлық компаниямен жоба аясында құрылатын зертханада жоғары дәмдік сапаға ие әрі ұзақ сақтауға жарамды отандық, қазақстандық вируссыз картоп сұрыбын шығару бастапқыда-ақ келісілуде.