Skip to content
Астана +3°C
1 USD 453.87 ₸
QOS live

Take a look inside

Take a look inside Syrt kózge bilinbes Взгляд изнутри

This material has not been translated yet — it is shown in Қазақша.

See what is in “News” in your language

News

Сут-тауарлы ферманың директоры Жарас Қанапин: «Жоғары өнім алу үшін жануарларымызға барынша жайлы жағдай жасауға тырысамыз».

«Рамадан Сүт Фермасы» ЖШС директоры Жарас Қанапин журналистерге сиыр сауу кезінде фермада музыка қосылатынын айтты.

Рамадан сүт фермасы. Фото: Айнұр Коскина

Бұл жануарларға жайлы атмосфера сыйлап, сүт өнімінің артуына оң әсерін тигізеді.

Қанапиннің айтуынша, сауын кезінде сиыр өзін жайлы, тыныш сезінуі керек, оны ферма ішіндегі жұмыс барысында шығатын өрескел, жағымсыз дыбыстар мазаламауы тиіс.

Өрескел, жағымсыз дыбыстардан жануар күйзеліске түсіп, аз сүт береді. Ал музыка ойнап тұрғанда жағымсыз дыбыстар бәсеңдейді немесе мүлдем естілмейді. Жануарлар тынышталып, бойын еркін ұстайды әрі сүтті көп береді.

Қанапиннің сөзінше, өзі қазақ әндерін, мәселен, Абайдың сөздеріне жазылған әндерді қойғанды ұнатады, бірақ сиырларға Моцарт сияқты классикалық музыканы қосатындарды да естіген.

Қазіргі уақытта фермада голштин-фриз тұқымды 850 сиыр сауылады. Орташа сүт түсімі – әр сиырдан 33-34 литр. Күн сайын қайта өңдеуге 30 тоннаға жуық сүт жіберіледі.

Мақсат – орташа сүт түсімін 40 литрге жеткізіп, 1 200 сиыр сауу.

«Міне, сонда ғана кәсіпкер ретінде көңілім толады», – дейді Жарас Қанапин.

1 100 басқа арналған сүт-тауарлы ферманың инвестициялық жобасын 2023 жылы «Рамадан Сүт Фермасы» ЖШС ірі көпсалалы ауыл шаруашылығы кәсіпорны «Черниговский и К» ЖШС-мен бірлесіп жүзеге асырды. «Черниговский и К» ЖШС-н Айдос Қанапин басқарады.

Ферма Қарағанды облысы Нұра ауданының Көбетей ауылында орналасқан.