Skip to content
Астана +3°C
1 USD 453.87 ₸
QOS live

Take a look inside

Take a look inside Syrt kózge bilinbes Взгляд изнутри

This material has not been translated yet — it is shown in Қазақша.

See what is in “News” in your language

News

Құрылтайға маслихаттармен өзара іс-қимыл кеңесі не үшін қажет?

Құрылтай депутаты Илья Теренченко. Фото: YouTube @quryltai_resmi

«Әділет» партиясынан сайланған Құрылтай депутаты Илья Теренченко Парламент жанындағы Маслихаттармен өзара іс-қимыл кеңесінің не үшін қажет екенін айтып берді.

Шындығында, Теренченконың түсіндірмесі бұл Кеңесті құру қажеттілігін аса аша қойған жоқ.

«Әділеттік» депутат бұл алаңның маңыздылығын баяндай келе: «Осы алаңның арқасында азаматтардың адам қызметі саласын жақсарту бойынша кездесулерде айтқан өтініштерін қабылдаған өңірлік мәслихат депутаттарының пікірлері естіліп, ескерілетін болады», – деді.

qoslive.kz журналисінің: «Сонда бұған дейін, Кеңес құрылғанға дейін, мәслихат депутаттары мен оларға жүгінген азаматтардың сөзі естілмеген бе?» деген сұрағына Теренченко шұғылдық (жеделдік) туралы айта бастап, Кеңестің «сондай мүмкіндік беретінін» жеткізді.

Кеңес құрылғанға дейін шұғылдықтың болмағаны туралы нақтылаушы сұраққа Илья Теренченко жеделдік «әрдайым болған, әрдайым бар» деп сендірмек болды.

  «Онда Кеңестің не қажеті бар?» деген сұраққа депутат Теренченко: «Барлық алаңдар болған, барлық алаңдар жұмыс істеп тұрды. Бірақ модернизация өкілетті өкіметте ғана емес, атқарушы өкіметте де жүріп жатыр. Сондықтан белгілі бір мәселені білікті әрі конструктивті түрде қараудың әрбір мүмкіндігі туған сайын жедел шешімдер қабылданады. Мәслихат депутаттарының бұл іске тартылуы да осы үшін қажет», – деп жауап берді.

Депутат Теренченконың осы бір ұзақ-сонар әрі бұралаң жауаптарынан Құрылтай жанынан Маслихаттармен өзара іс-қимыл кеңесін құрудың не үшін керек болғаны бәрібір түсініксіз күйінде қалды.