Мазмұнға өту
QOS live

Syrt kózge bilinbes

Syrt kózge bilinbes Взгляд изнутри Take a look inside
Жаңалықтар

2026 жылғы жылыту маусымы: 5 өңірде жылу берілді, тағы 5 өңірде осы аптаның соңына дейін жылу беріледі

Жылыту маусымы 5 өңірде басталып кетті: Павлодар, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында.

Қазақстанның энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев. Фото: ҚР Үкіметінің ресми telegram-арнасы @KZgovernment

Тағы 5 өңірде: Астана қаласында, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау және Абай облыстарында ауа райына байланысты осы аптаның соңына дейін жылыту маусымын бастау күтілуде.

Бұл туралы Үкімет отырысында Қазақстанның Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев мәлімдеді.

Тұтқышбаевтың ақпараты бойынша, жылыту маусымын бастау үшін отынның қажетті қоры мен жабдықтар құрамы жасақталды.

Энергия көздерінде 4,9 млн тонна көмір мен 127 мың тонна мазут дайындалды.

Жылу желілерінің жалпы дайындығы жоспарланған 377 км-дің 374 км-ін құрап, 99%-ға жетті.

Бұдан бөлек, Тұтқышбаев Үкімет отырысында Энергетика министрлігінің ерекше бақылауында тұрған өңірлердегі жылыту маусымына дайындық барысы туралы баяндады.

Петропавлда 3 жылу магистралін қайта жаңарту жұмыстары аяқталды.

Степногорскіде 25 қыркүйектен бастап әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастады. Жылу магистралін қайта жаңарту аяқталды. Қазіргі уақытта желілерді жуу және опрессовкалау (қысыммен тексеру) жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Үлестіргіш желілер бойынша барлық жұмыс аяқталып, тұтынушыларды кезең-кезеңімен қосу жүзеге асырылуда.

Семейдегі 3 жоба бойынша есепті аптада жұмыстар 12%-ға орындалып, жоспардың жалпы орындалуы 82%-ды құрады.

Сорғы жабдықтары 27 қыркүйекте жеткізілді, қазір монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Абай облысының әкімдігіне жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін 15 қазанға дейін уақыт қажет.