Бұл баға бойынша «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» ЖШС («Азық-түлік корпорациясы») ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен астық сатып алады. Баға астықтың негізгі сапа көрсеткіштеріне: клейковина мөлшеріне, түсу санына, әйнектенуіне байланысты болады.
Бидайды сатып алу бағасы өткен жылдың деңгейінде қалды.
Күтілетін 23 млн тонна өнімді есепке алғанда, «Азық-түлік корпорациясының» астықты сатып алу көлемі шағын болса да – 31,9 млрд теңгеге 480 мың тонна, сатып алу бағалары – астық нарығы үшін бағдар.
Қазақстан Астық одағының 2026 жылғы 21-27 қыркүйек аралығындағы елдің астық нарығындағы бағаларға жасаған апталық шолуына сәйкес, элеватордағы 3-сыныпты бидайдың бағасы ҚОСҚ-ты (ҚӘН) қосқанда клейковина мөлшеріне байланысты тоннасына 88-110 мың теңге деңгейінде қалыптасты.
Көршілес Ресейде ұсыныстың артықшылығы мен логистикадағы түйткілдерге байланысты астық бағасы көпжылдық минимумда тұр. РФ оңтүстік өңірлерінде 3-сыныпты бидайдың орташа бағасы тоннасына 8 800 – 10 000 рубль деңгейінде қалыптасты. Бұл теңгеге шаққанда тоннасына шамамен 46-53 мың теңгені құрайды (ҚР Ұлттық банкінің 1 қазандағы бағамы бойынша – 5,27 теңге/рубль).
Украинаның Қара теңіз өңірінде 3-сыныпты бидай бағасы тиеу портына жеткізу шартымен тоннасына 8 800 гривна деңгейінде қалыптасты. Бұл шамамен тоннасына 87 мың теңгені құрайды (ҚР Ұлттық банкінің 1 қазандағы бағамы бойынша – 9,87 теңге/гривна). Тиісінше, элеваторларда баға одан да төмен.
Қыркүйек айының соңындағы астықтың нарықтық бағасының тұрақтылығын есепке алғанда, үкімет белгілеген сатып алу бағасы қазақстандық астық өндірушілерге алынған өнімді өткізуге және келесі егіс науқанына дайындалуға мүмкіндік беруі тиіс.