Skip to content
Астана +3°C
1 USD 453.87 ₸
QOS live

Take a look inside

Take a look inside Syrt kózge bilinbes Взгляд изнутри

This material has not been translated yet — it is shown in Қазақша.

See what is in “Uncategorized” in your language

Uncategorized

Сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру құны мен шарттары туралы ақпараттық хабарлама

Лого: election.gov.kz

Осы арқылы qoslive.kz интернет-ресурсы 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған мәслихаттар депутаттарының сайлауына қатысатын саяси партиялар мен бірмандаттық округтерден ұсынылған кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру құны мен шарттары туралы хабарлайды.

Бір жарияланымды (постты) орналастыру құны 150 000 (бір жүз елу мың) теңгені құрайды. Мәслихаттар депутаттарының сайлауына қатысатын саяси партиялар мен бірмандаттық округтерден ұсынылған кандидаттар ұсынған материалдарды qoslive.kz интернет-ресурсында, «AQOSlive» telegram-арнасында, «QOS live» Instagram-парақшасында, «QOSlive» YouTube-арнасында, Threads әлеуметтік желісіндегі «QOSlive» парақшасында және TikTok әлеуметтік желісіндегі «QOSlive» аккаунтында бір мезгілде орналастыру құны 300 000 (үш жүз мың) теңгені құрайды.

qoslive.kz интернет-ресурсындағы бір жарияланым (пост) көлемі 1 500-4 500 таңбадан аспайтын мәтінді, 90 таңбаға дейінгі тақырыпты, 250 таңбаға дейінгі лидті (бос орындарды, эмодзилерді және хэштегтерді қоса алғанда), сондай-ақ 7 (жеті) фотосуреттен аспайтын материалды қамтуы мүмкін. Фотосуреттер – jpg форматында, 1 фотосурет – 150 КБ-тан аспайды, форматы: логотиптер – мөлдір фонмен, миниатюра – 480х320 пиксель, мұқаба мен мәтіндегі фото – 1280х720 пиксель. Видео тек сыртқы ресурстың – YouTube видеохостингінің сілтемесі бойынша орналастырылады.

qoslive.kz интернет-ресурсында ұсынылған материалдарды жариялау форматы «AQOSlive» telegram-арнасында, «QOSlive» YouTube-арнасында, «QOS live» Instagram-парақшасында, Threads әлеуметтік желісіндегі «QOSlive» парақшасында және TikTok әлеуметтік желісіндегі «QOSlive» аккаунтында жариялау форматынан өзгешеленуі мүмкін.

Сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру өтінімдердің түсуіне және тараптар арасында шарттардың жасалуына қарай, жүз пайыздық алдын ала төлем шарттарымен, 2026 жылғы 01 қараша сағат 18:00-ден 2026 жылғы 28 қараша сағат 00:00-ге дейінгі кезеңде жүзеге асырылады.

Сайлау алдындағы үгіт материалдарында олардың төлемі, қаржыландыру көздері туралы мәліметтер, сондай-ақ тиісті ақпаратты ұсынған тұлғаның тегі болуы тиіс.

Сайлау алдындағы үгіт материалдары қазақ және (немесе) орыс тілдерінде, жариялауға дайын күйінде, шартта көзделген көлемде, орналастырылатын болжалды уақытқа дейін 24 (жиырма төрт) сағаттан кешіктірілмей ұсынылады.

Сайлау алдындағы үгіт материалдарын ұсынған ұйымдар мен тұлғалар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, соның ішінде авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамаға сәйкестігіне толық жауапты болады.

Осы ақпараттық хабарламада көзделген талаптар мен тәртіп, сондай-ақ тиісті шарттың шарттары сақталмаған жағдайда, сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру жүзеге асырылмайды немесе анықталған заңбұзушылықтар толық жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Осы ақпараттық хабарламада баяндалған сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру бойынша қызметтерді ұсыну шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының талаптарына сәйкес өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін.

qoslive.kz интернет-ресурсының администрациясы