Мазмұнға өту
QOS live

Syrt kózge bilinbes

Syrt kózge bilinbes Взгляд изнутри Take a look inside
Жаңалықтар

Құрылтай «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен суретшілерге арналған құрметті атақты тағайындау мәселесін қарады

Графика: Instagram @quryltai.resmi

«Шәмші Қалдаяқов» медалін отандық музыка өнері мен ән шығармашылығын дамытудағы жемісті қызметі мен айрықша еңбегі үшін азаматтарды марапаттауға тағайындау мемлекеттік наградалар туралы заңға енгізілетін өзгерістерде қарастырылған.

Сондай-ақ осы заң жобасында бейнелеу өнері қайраткерлеріне үздік туындылар жасағаны және отандық көркем мәдениетті дамытудағы айрықша еңбегі үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағын енгізу көзделген.

Медальді тағайындау мен құрметті атақты енгізуді Қазақстан президенті Тоқаев ұсынған болатын.

Құрылтай депутаттары заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.