Мазмұнға өту
QOS live

Syrt kózge bilinbes

Syrt kózge bilinbes Взгляд изнутри Take a look inside
Жаңалықтар

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі Ресейдегі аса қауіпті инфекция жағдайына байланысты ахуалды бақылауда ұстап отыр

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ресейдің Иркутск облысында аса қауіпті инфекцияға күдікті жағдай туралы ақпаратқа байланысты жағдайды ресми түрде бақылап отырғанын хабарлады.

Графика: gov.kz

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, алдын алу шаралары қабылданды. Мемлекеттік шекара арқылы өту пунктерінде санитариялық-карантиндік бақылау жүзеге асырылуда.

Көліктің барлық түріндегі бақылау барысында дене температурасы жоғары, ауру белгілері бар жекелеген тұлғалар немесе аса қауіпті инфекцияларға күдікті жағдайлар анықталған жоқ.

Министрліктің алдын ала бағалауы бойынша, инфекцияның Қазақстанға таралу қаупі төмен болып қалып отыр. Ресми ақпараттың түсуіне қарай жағдайды бағалау және қабылданатын шаралар нақтыланатын болады.

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, 4 қазанда Роспотребнадзордың баспасөз қызметі Иркутск облысында, сондай-ақ Иркутск және Шелехов қалаларында санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақты екенін және оба ауруы оқиғаларының анықталмағанын хабарлады. Иркутск обаға қарсы институтының 28 жастағы лаборантының өлім себебі «этиологиясы белгісіз пневмония» ретінде сипатталады. Сондай-ақ Иркутск облысының билігі қайтыс болған азаматтан «оның кәсіби қызметімен байланысты микроорганизмдер анықталмағанын» хабарлады.

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінде бар мәліметтерге сәйкес, қазіргі уақытта ресейлік мамандар эпидемиологиялық зерттеу жүргізуде. Соңғы диагноз әлі ресми түрде расталған жоқ, ықтимал инфекцияның көзі мен мән-жайлары анықталуда.

197 қарым-қатынаста болған адам медициналық бақылауға алынды.

Роспотребнадзордың ресми хабарламаларына сәйкес, олардан ауру белгілері анықталған жоқ, зертханалық зерттеулердің нәтижелері теріс (инфекция жоқ) болып шықты.

Шелехов аудандық ауруханасында қажетті эпидемияға қарсы шаралар жүргізілуде.